АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АЭРОФОБИЯ – ЖЕҢУГЕ БОЛАТЫН ҚОРҚЫНЫШ

images (1)Кез келген адамда фобия бар. Яғни, нақты бір нәрсеге қорқынышы байқалатындар. Біреулер жалғыздықтан қорқады. Мұны аутофобия деп атайды. Астрофобиядан зардап шегетіндер де бар.
Олар – күннің күркіреуінен, не болмаса найзағайдың жарқылынан зәре құты қалмайды. Енді бір топ ұшақпен ұшуды қаламайды. Ұшақтың ұшып қонғандағы сәті, турбуленттік аймаққа тап болғандағы кезеңі олар үшін бұдан асқан қорқыныш жоқ. Бұл дерт – аэрофобия деген атаумен белгілі.
Кеше бойында аталмыш фо­биясы бар адамдарға «Эйр Аста­на» ұлттық әуетасымалдаушы ком­­паниясы тренинг өткізді. Әлеу­­меттік желіде, интернет фо­румдарда осы мәселе мазалап жүр­ген жандарды компания өзі­нің Алматыдағы офисіне ша­қы­рып, әуе қызметкерлерінің қаты­суымен түсіндіру жұмыс­тарын жүргізді. Техникалық қызмет­керлер, ұшқыштар, борт серіктер аэрофобтарды мазалаған барлық сұрақтарға тұшымды жауап қай­тар­ды. Келген қонақтарға ұшақ бортында кездесетін түрлі келең­сіздіктердің қалай алдын алаты­ны көрсетілді. Ұшу процесін даяр­лау­да қандай мамандар қай мін­детті атқаратыны, қосымша тек­серістердің жүргізілуін және де әрбір әрекеттің құжатқа жазылып қол қоятыны айтылды. Қол қой­ған азамат заң алдында жолау­шының қауіпсіздігіне түгелдей жауапты болады.

Ұлттық әуетасымалдаушы мұн­дай кездесулерді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұрады.

Асқар БЕКОВ

http://www.aikyn.kz/