Amnesty International ( AI) халықаралық құқық қорғау ұйымының дерегі бойынша, Украинаның шығыс аудандарында жүздеген адамды ұрлап әкеткен. Олардың көбін ресейшіл сепаратистер қолға түсіріп, азаптаған.
AI-дің Еуропа және Орталық Азия бағдарламаларының директор орынбасары Денис Кривошеев 11 шілде күні «ұрланған адамдардың көбін сепаратистер ұрып-соғып, қинап жатыр» дейді.
Ол Киев қарулы күштері тарапынан да мұндай әрекеттердің оқта-текте байқалып қалатынын айтады.
Халықаралық құқық қорғаушылар тобы «қанша адамның ұрланып, азап көргені туралы нақты есеп жоқ» дейді. Украина ішкі істер министрлігі мұндай «500 оқиға болғанын» хабарлады. Ал БҰҰ адам құқықтарын бақылау миссиясы «Украинада кейінгі үш айда адам ұрлаудың 222 оқиғасы байқалғанын» мәлімдеді.
http://www.azattyq.org/content/news/25454406.html