АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Airport Management Group ұшу қауіпсіздігі туралы арнайы семинарлар ұйымдастырып жатыр

DSC_0313Бүгін, 18 маусым 2015 жылы Астана Халықаралық әуежайында «Ұшу қауіпсіздігіндегі тәуекел-менеджмент» деп аталатын семинар болды. Бұл семинар «Airport Management Group» атқарушы компаниясының құрамына кіретін барлық әуежайларда ұйымдастырылуда. Шараны Airport Management Group компаниясының және Цюрих қаласы (Швейцария) әуежайының мамандары өткізуде.
Семинар ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторларға, әуежайдың өндірістік қызметінің өкілдеріне арналған.
Оқытудың басты мақсаты әуежайлардың ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіндегі (ҰҚБЖ немесе «СУБП») негізгі процесстерді енгізу, нәтижесінде жалпы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.
«Airport Management Group» компаниясы (AMG) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (ҰҚБЖ) жасау және жұмысқа енгізу жобасымен 2014 жылдың күзінен бері айналысуда. Жалпы сол кезден бері AMG ұшу қауіпсіздігі жөніндегі мамандары Zurich Airport International AG компаниясының сарапшыларымен бірлесе 13 семинар өткізді. Бұл семинарларға әуежай басшыларынан бастап, өндірістік қызметкерлер дерлік 50-ге жуық адам қатысты.
DSC_0323Бұл жоба «Чикаго конвенциясы» деген атаумен танымал Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының 19-шы Қосымшасына және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен авиация қызметі» туралы заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) ұсынысына байланысты және аймақтардағы әуежайлардың ерекшелігіне орай ҰҚБЖ бірнеше кезең бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі семинарда дәріс оқушы ұшу қауіпсіздігінде қандай тәуекелдердің бары, тәуекелдердің бағамы мен олардың адын алу және қандай жүйелі шаралар өткізу қажеттігі жайында баяндады. Семинар барысында жылына 24 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін Цюрих әуежайының қордаланған тәжірибесі көрсетілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жауапкершілік шаралары туралы интерактивті тұрғыда түсіндірілді.
«Авиация индустриясы бұл технологиялық тұрғыдан күрделі, әрі қарқынды сала. Сала қауіп пен жоғары тәуекелдермен байланысқан, және авиакәсіпорындардың мақсаты қауіп-қатерді уақытылы анықтап, алдын-ала шаралар қабылдап, барынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі болуы тиіс. Сондықтан, ұшу қауіпсіздігі мәселесі бұл күнделікті шара, әрі әуежайдың барлық қызметтері мен қатысушыларына ортақ болғаны абзал», — дейді ұйымдастырушылар.

Байланыс тұлға:
Айна Жетпісбаева,
+7 707 744 07 24,
e-mail: a.zhetpisbayeva@amg.kz