Айдын Айымбетовтің сәтті ұшуы Қазақстан үшін ғарыш жылнамасының жаңа парақшасын ашты. Біздің жерлесіміз бесінші ғарыш бағдарламасының тәжірибелерін табысты өткізді. Ал оның ғарышқа сапары бізді ұлы мақсат — Болашағы біртұтас ел мақсатына жетелейтін жаңа жетістікке айналды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне облыс әкімі Амандық Баталов.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы әлемнің ғарыш державаларының қатарына кірді. Өз ғарышкерлерін ұшыру мүмкіндігі бар елдер көп емес. Ел Президентінің бұйрығымен ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық Қаһарманы» жоғары атағы берілді.
«Ғарышқа ұшу ел үшін атаулы уақыт, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде өтті. Ал «Союз ТМА-18М» зымыран-тасығышының ұшырылуы Байқоңырдағы атақты «Гагарин стартында» 500-ші ұшыру болды.
2 қыркүйектің таңы Қазақстан тарихына жазылған. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18М» ұшты. Ол талдықорғандық Айдын Айымбетов, Ресей ғарышкері Сергей Волков, Дания астронавты Андреас Могенсенді орбитаға жеткізді. Бұл сәтті бүкіл ел назарында болды. Әсіресе, қазақстандық ғарышкердің жерлестері ерекше назар салды. «Жастар» Спорт сарайына ондаған мың шаттанған адамдың бұған дейін осындай баруын ешкім еске түсіре алмай отыр. Жұлдыздарды бағындырушылармен кездесуге барлығы барды. Тұрғындардың өтінішімен көрші аудандардың әкімдіктері ниет білдірген адамдардың ғарышкерді көруі үшін автобустар бөлді. Бұл біздің халқымыздың бірлігі мен нығаюының көрінісі емес пе?» — деді облыс әкімі.
«Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің Айымбетовке арнап шырқаған «Ғарышкер Айдын» әні оның ісін болашақ ұрпаққа насихаттау, деп атап өтті Амандық Баталов.