АЛТЫНОРДА
Новости

ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖАС КЕЗІНДЕ БОСАНҒАН ЖӨН

Ағылшын дәрігерлері әйелдердің егде жаста босануына алаңдаушылық білдіріп отыр.
«Аптасына кемінде жасы елуден асқан үш әйел босанады екен. Лондон университеті коллледжінің кеңесші-педиаторы Аластор Сатклифф бұл әйелдер үшін өте қауіпті деп отыр», – деп хабарлады mir24.tv.

Соңғы жылдары бала туу кезінде ана өлімі жиі орын алуда. Жасы келген әйелдер көп жағдайда қан қысымының өзгеріп, соның салдарынан қан ұйығының пайда болатынына мән бермей жүр. Бұған қоса, егде жастағы әйелдердің балалары көбінесе өлі туады немесе Даун синдромына жиі шалдығады екен.

«Елуден асқан жаста әйел ана емес, әже болуы керек. Сондықтан, біз табиғаттың сұранысына сай болып, оған құрметпен қарауымыз керек», — дейді «Comment on Reproductive Ethics» компаниясының өкілі Жозефина Квинтавалл.

Айта кетерлігі, әлемде қартайып бала туған әйелдердің ішіндегі ең кәрі ана болып  Омкари Панвар саналады. Ол 70 жасында егіз ұл тапқан болатын. Омкари мен оның күйеуінде екі үлкен қызы мен бес немересі бар. Енді олардың қатарына шекесі торсықтай егіз ұл қосылды ҚазАқпарат.

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/46791