АЛТЫНОРДА
Новости

Айсұлтан мен Әлима… бірін-бірі тани ма?

Соңғы күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтанның үйленетіндігі туралы жарыса жазуда. Тіпті Елбасы немересінің қалыңдығына сырға салуға өзі барыпты. Қалай десек те жағымды жаңалық ортақтасуға, сүйінші сұрауға лайықты…

Енді екі жас туралы айтар болсақ, олар бірін-бірі жақсы таниды екен.
23 жастағы Айсұлтан Назарбаев Лондон­да Кортолд өнер универ­ситетін­де өнер тарихы бөлімінде оқитын Әли­ма Боранбаевамен отау құрмақшы.
Әлиманың әкесі – «ҚазРосГаз» ЖШС-ның бас директоры Қай­рат Боранбаев (белгілі актері Әнуар Бо­ранбаевтың ұлы). Айсұлтан Назар­баев кезінде Ұлыбританияда әскери академияда білім алған. Елге ора­лысымен лейтенант шенінде Қор­ғаныс министрлігінде әскери бар­лау жүйесінде қызмет атқарған. Бозба­ла Англияда жүргенде «Портсмут», «Челси» футбол клубтарының жас­тар құрамында ойнап, жұртты елеңдет­кен-ді. Жалпы, Айсұлтан мен Қай­раттың арасын жақындатқан фут­бол көрінеді. Әрі Қайрат Боранбаев Тимур Құлыбаевтың жақын доста­рының бірі көрінеді.
Ел назарын аударған ұлдың анасы Дариға Назарбаева елуге толып жа­тыр. Ол үш баланың анасы (Нұрәлі, Айсұлтан және Венера). Мәжіліс депутаты ретінде ел қамын күйттеген Дариға Назарбаева талай бастама­лардың жанашыры болып келеді. Ол әрі опералық әндерді тамаша орын­дайтын қабілетімен де ықыласқа бөленген.
Келін түсіріп, үлкен қуанышқа кенелгелі жатқан Дариға Нұрсұлтан­қызына құтты болсыннан басқа айтарымыз жоқ.

http://www.aikyn.kz