Шығыс Қазақстан жерінде өзінің жұмбақ сырымен көпті таңқалдырған Ақ-бауыр мәдени ескерткіші бар. Өскеменнен 38 шақырым қашықтықта орналасқан бұл қорым неолит дәуірінде қалыптасқан. Онда көне дәуірде салынған петроглифтер әлі күнге дейін айқын көрінеді.
«Көптеген көне де ұлы өркениет жоғалып кетті. Бірақ, олар өздерінің парасаттылығын қалдырып кеткен. Тек сол парасаттылықты пайдаға жаратуымыз керек», — дейді фильм авторлары.
Тарих тереңіне үңілген өз өлкелерінің жанашырлары ерлі-зайыпты Николай Топольняк пен Оксана Титованың фильм желісіндегі кейбір оқиғалармен барлық тарихшылар келісе қоймады. Дегенмен, «Ақ — бауыр» кешенінің археологиялық қазбаларының сақталу мерзімін ұзартқандары үшін бір ауыздан халық алғысын айтты. Өйткені Ақ-Бауыр қорымының мемлекет қарамағына өтіп, қорғауға алынуына фильм авторларының сіңірген еңбегі орасан.
ШҚО «Ақ-Бауыр» архитектуралық-этнографиялық мұражайының меңгерушісі Галина Петенева: «Мында көріп тұрғандарыңыздай Ақ-Бауыр өлкесі, бұндағы табиғаты өзіндік ерекше құбылстармен ерекшеленеді. Осы өлкеге келетіндердің көбіне-көбі жалпы археологтар, траихшылар, білікті мамандар. Олар келіп сырлы өлкенің жұмыстарымен айналысады…. Ақ-Бауыр мекені жайлы айта берсе қызықты әңгімелер өте көп»,- дейді.
«Ақ бауыр. Өткенге жол» фильмінің философиялық мәні тереңде. Адамзаттың табиғатпен біте қайнасқан тіршілігін суреттейді.
http://baq.kz/kk/news/38745