АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ақмола облысы Президент сайлауын “оралман қамап” қарсы алуда

ТA8D35B5F-5ACA-4DC1-92D2-991959A84755_mw1024_s_nәуелсіздік алған жылдары Елбасының тіке бастамасымен жолға қойылған “Қазақ көші” бұл күнде қаңтарылып тұр. Мемлекет басшысы сан мәрте қайталап, “Көшке кедергі жасалмасын” деседе, бәзбіреулер “Ұлы көштің” жалғасуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.
Міне, тағы бір шу Ақмола обылысы, Зеренді ауданы, Қанай би ауылынан шықты. Бүгін-ертең деп елеңдеп отырған Ел президентін сайлау науқанына Ақмолалықтар “Оралман қамап” дайындалып жатыр.

2014 жылы шілдеде Сайіпбай Нұрбол деген жігіт отбасымен Атажұртқа көшіп келген еді, келе сала сол жерде үш жылдан бері тұратын Әбілмажын Құрманәлінің үйінде тіркеуге тұрған. Құжаттарын жинап, ықтиярхатын алдыңғы жұма күні 2015 жылы 6 наурыз алыпты. Сөйтіп, өткен жылдың қараша айында сатып алған жаңа үйіне енді тіркелемін бе деп отырғанда Зеренді ауданынан полиция келіп, Нұрболды ала жөнелген. Уәждері – азамат өзі тіркеуде тұрған үйде тұруы керек. Ал мына Нұрболдың жаңа сатып алған үйі тіркеуде тұрған үйінен 2 минуттық жерде орналасқан. Ықтиярхатты жаңа алғанын айтып, мән-жайды түсіндірмек болған қандасымызды әлгі пагондылар соттан бірақ шығарған. “Әй, қайда жүрсің” дейтін емес, шағын ауылда бар-жоғы 80-ге жуық отбасы тұрады екен.

Сонымен, Нұрбол Сайіпбайұлына “тіркеуде тұрған үйіне тұрмағандығы” себепті 80 мың теңге айыппұл салынып, бір тәулікке қамау жазасы бұйырылған.

Мен жағдайды білгеннен кейін түскі мезетте сот жүргізіп отырған жердегі полициямен телефон арқылы хабарласқан едім. Ол “сіз қайда қоңырау шалсаңызда, кім болсаңызда мейлі, мен тек заңды атқарып жатырмын” деп телефонды қоя салды.

Сөз түсінетін бір адам табылар деп Қанай би ауылының әкімі Жүсіпов Ілияс Аманжолұлына хабарласқанымда, “иә, ол біздің аулда тұрады, әйелі, екі баласы бар. Мен ауыл әкімімін, ішкі істер мекемесінің шаруасына араласпаймын” деп жауабын келте қайырды.

Сөйтіп, ешкімнен дені сау жауап ала алмадық. Шиеттей баласымен Нұрболдың әйелі отыр зар еңіреп…

Бір таңғалғанымыз, Зеренді ауданының Ішкі істер департаментінде отырғандар 26 сәуірде Қазақ елінде Президент сайлауы өтетінін, оған “келген ағайынға барлық жағдайды жасаңдар” деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатынын білмейтін сияқты.

Тым болмаса осындай науқанды кезеңде “Нұрлы көш” авторының құлағын шулатпаса керек еді…

Аятжан Ахметжан

“Қамшы” сілтейді