2014 жылғы 17 қаңтар күні, Тәуелсіздік сарайының доғал залында
(1-қабат), Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жариялағаннан кейін Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея Кеңесінің мүшелері және республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, Ассамблея ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кеңесі өтеді.
Отырыста Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланып, оны қолдау жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі қабылданады, Ассамблеяның Жолдауды ақпараттық-насихаттау және ғылыми-сарапшылық қолдау бойынша жұмыстарының бағыттары қаралады.