АЛТЫНОРДА
Иносми

АҚШ ПЕН КУБА АРАСЫНДА 15 ЖЫЛДАН СОҢ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫ ОРНАДЫ

 14867255_1Араға 15 жыл салып, АҚШ пен Куба арасында телефон байланысы орнады, деп хабарлайды Би-би-си. Кубаның мемлекеттік телекоммуникация компаниясының мәліметінше, желі әуеліде тек телефон байланысы үшін қолданылады. Вашингтондық тарап болса, кейінірек жоғары жылдамдықты интернет желісінің орнайтынына сенімді.

Бұған дейін АҚШ-қа телефон қоңырауы үшінші әлем елдері арқылы жүзеге асып келген. Бұл өз кезегінде қоңырау құнын қымбаттатып жіберетін.
Бір айта кетерлігі, бұл өткен желтоқсан айында екіжақты дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру туралы жоспар бекітілгеннен кейін жасалып отырған алғашқы келісім.

http://zhebe.com/