АЛТЫНОРДА
Новости

АҚШ-та сотталған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты елге әкелуге мүмкіндік туды

C65E9A01-5352-459B-A644-CFD57F69BB8D_mw1024_s_nНұрсұлтан Назарбаев америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Бұған дейін мәжіліс қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы құжатты бекіткен болатын. Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов бұл құжат Америкада сотталған қазақстандықтарды еліне қайтарып, жазасын осында өтеуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Егер АҚШ сотталған адамды өз еліне беруге дайын болса, айыпты еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес жазасын алады. Осы тұста АҚШ-та сотталған отандасымыз Тәжаяқов пен Қадырбаевты елге әкелуге мүмкіндік туып отыр.

Еске сала кетейік, студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов АҚШ-та жазаларын өтеп жатыр. Оларға “2013 жылы мамыр айында Бостонда болған жарылысқа қатысты істі тергеуге қасақана кедергі келтірді” деген айып тағылған болатын.

http://www.nur.kz/