АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты

photo_22098Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Kurs.kz мәліметтері бойынша, шетелдік валютаның мұндай құны Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 10.50-дегі жағдай бойынша тіркелді.

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 298,92 теңге болды. Бірінші келісім 291 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға — 300. Сауда көлемі 100,8 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді. 
http://kaz.tengrinews.kz/