АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алапат күш иесі Астанада тұрады

Екінің бірі шебер емес. Өзі қаққан шегені өзі суыра алмайтындар да бар. Ал Астана қаласында тұратын Сергей Цырульников деген жас жігіт ағашқа қағылған шегені тісімен суырады. Бұған сенетіндер де, сенбейтіндер де табылады.

Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.
 Талайды таңғалдырып, тісімен те­мірді де майыстыратын жігіт Республи­калық «Ұланда» әскери қызметте екен. Ол кәдімгі жүздік шегерлерді де шыбық құрлы көр­мейді. Саусағына тиген темі­ріңіздің сау там­ты­ғы қалмайды (айт­пақшы ол Ресей телеарнасы ұйым­­дас­тырып жүрген «Минута славы» теле­шоуына қатысып, ширек финал­­ға өтіпті).
– Бұл өнерді үйренгеніме көп бола қойған жоқ. Бұрын қызығатынмын. Өнер­­ді қолға алған соң, өзімді кәдімгідей ру­хани түрде тәрбиеледім. Өнер көрсет­кенде көбі сенбей, келіп қолымды, тісімді тексеріп жатады, – дейді ол.
Сергей Цырульниковке кез келген жерде, тіпті циркте де өнер көрсетуге мүмкіндік мол. Өйткені ол қалаған мөл­шердегі шегені ағашқы алақанымен де, қолының қырымен де қағып, оны тісімен қиналмай жұлып алады. Шиша сынықтарын аяғымен майдалап уату да оған түкке тұрмайды.
Ресей халқын қайран қалдырған азамат туралы өзіміздің аз білетіндігіміз өкінішті. Рекорд жаңартуға бел буған Сергей бүгінде Республикалық «Ұлан» қатарында спорт шеберлерін дайын­дайды. Олардың арасынан да шәкірттері
шығып жатса таңғалмаңыз.
http://www.aikyn.kz/