АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Әлем айшықтары

chinese-kids16 САҒАТ БОЙЫ БАЛАСЫН САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА МӘЖБҮРЛЕЙДI

Чунцин (Қытай) қаласында бiр әйел ұлына күнiне 16 сағат бойы демалыссыз сабаққа дайындалуға мәжбүр етедi екен. Мұны естiген ата-аналар: “Бұл не деген сұмдық? Өз баласына деген жанашырлық қайда?” деп, әлгi әйелдi жан-жақтан сыбай жөнеледi.
Тоғыз жастағы бала мектептен келген соң бассейнге шомылады, содан кейiн каллиграфиямен, музыкамен, математикамен айналысады. Одан қалса, сабағы бар. Бәрiне үлгеру үшiн бала таңғы 5-те тұрады, ал сағат 6-дан бастап қосымша сабаққа кiрiседi. Сабаққа дайындалуды ол тек кешкi жатар алдында, яғни 22.00-де ғана аяқ­тайды.
“Менiң әкем де менi дәл осылай тәрбиелеген. Бұдан мен жаман болған жоқпын”, – дейдi баланың анасы.
 
 ҚАТЕРЛI IСIК “КЕРI ШЕГIНДI”
 
Мичиган штатының тұрғыны, 90 жастағы Норма әжейге дәрiгерлер “жатыр қатерлi iсiгi” диагнозын қояды. Алдында ғана Норма әжейдiң 67 жыл бiрге тұрған күйеуi Лео қайтыс болған едi. Онколог-дәрiгерлер ота жасау, химиялық терапия және басқа да ем-домды тез арада қабылдау керектiгiн айтады. Алайда қарт әжей бәрiне қолын бiр-ақ сiлтейдi. Қатерлi iсiкiтi емдеудiң орнына ұлы Тим мен келiнi Ремидi қасына ертiп АҚШ-тың көптеген көрiктi жерлерiн аралайды. Содан кейiн Еуропа мен Қытайға саяхаттауға шығады.
Бiр қызығы, қарт әжей ел, жер көрiп, өмiрге риза болып жүргенде қатерлi iсiк “керi шегiнiптi”. Бұған Норманы тексерген дәрiгерлер таңданыс бiлдiруде.
Қазiр әжей өзiн өте жақсы сезiнедi және Фейсбук әлеуметтiк желiсiнде 65 мың досы бар.
 
ТОСЫН СЫЙ
Лиза Сэдивник (АҚШ) өзiнiң жүктi екенiн күйеуiне жеткiзгiсi келедi. Жай айта салғысы келмей, оны қатты қуантқысы келiп, айтудың түрлi жолын iздейдi. Ақыры табады.
Ерлi-зайыптылар Лас-Вегастан Филадельфияға ұшады. Ұшаққа отыра сала Лиза ұшқыштарға былай деп өтiнiш жазады: “Менiң жүктi екенiмдi күйеуiм әлi бiл­мейдi. Қуанышымды оған сiздер жеткiзсеңiздер…”.
Ұшақ аспанға көтерiле сала, экипаж командирi жолаушылардан Лизаның күйеуi Эрик отырған креслоға назар салуын сұрайды. “Эриктiң Лас-Вегастан ұтқан ең үлкен ұтысы – әкелi болатыны”, – деп хабарлайды. Әрине, мұндай жағымды жаңалықты естiген жолаушылар сатырлата қол шапалақтайды. Сөйтiп, Лиза күйеуiне осылайша тосын сый жасайды.
(Дереккөздер www.uznayvse.ru сайтынан алынды.)

 http://zhasalash.kz/