Бірден айтайық, биіктіктен қорықсаңыз, мақаланы оқымағаныңыз абзал.
Кейде Байлун, ал кейде «Жүз айдаһар лифті» деп аталатын ашық аспан астындағы лифт туристерді 330 метр биіктікке көтереді. Жартасқа жармасқан лифтіні іздесеңіз, Қытайдың Хунань деген жерінде.
Шыныдан жасалған кабина бір дегенде 50 адамды жоғары көтере алады. Ал бір сағатта 1380 адамды жоғары апара алады.
1. Bailong Elevator көтеру аппараты 1999 жылы салына бастайды. Мақсат – туристерді тау басына бір-ақ демде жеткізу екен. Ал оған дейін туристер тек өз аяқ-қолымен шығуға мәжбүр болған. Денсаулығы нашар немесе егде жасқа жеткендер оның басына шыға алмайтын.
2. Лифт инфроқұрылысына арнайы шахталар қазылып, жартас ішіне тоннельдер соғылған. Ал бұдан басқа, жер сілкінісі немесе басқа да төтенше жағдай бола қалса, лифт ішіндегі адамдар дереу эвакуациялануы үшін барлық жағдай жасалған.
3. Лифтті құрастырушылар бұл істерімен тек адамдарды ғана жеткізбей, сонымен қатар тау жыныстарының табиғи түрде бұзылуынан аман алып қалғанын айтады.
4. Ал табиғатты қорғау өкілеттіктері адамдары жылына 5 миллион адам қонаққа келіп-кететін жер жыл өткен сайын құрып бара жатыр дейді.
5. Мұндай қарсы шығушылар болса да, жыл өткен сайын осы лифт Хунань провинциясының дамуына үлес қосып отыр.
6. 2002 жылы ғана іске қосылған аппарат адам өміріне қауіпті болуы мүмкін деген себеппен белгілі бір уақытқа жұмысын тоқтатқан еді. Кейбір құрылғылары өзгертіліп, жаңаланған соң лифт әлем туристерінің қызығушылығын арттыра бастады. Тасымалдаушы жаяу көтерілуге кететін 3 сағат уақытты қысқартады. Ал бұл биіктіктен көкжиекті алаңсыз көруге болады.