АСТАНА. 25 наурыз. BAQ.KZ — Бүгінде «Bugatti» маркалы Type 57SC Atlantic модельді автокөлігі әлемдегі ең қымбат машина болып саналады.
Осындай қара түсті көлік киім дизайнері Ральф Лоренге тиесілі және бұл машина оның автоколлекциясындағы ең таңдаулысы. Құны бүгінде 30 млн. долларға бағаланып отыр.
1936 жылы «Bugatti» шеберлері автокөлік құрылысында серпіліс жасап, сол кездің үздігін жұртшылыққа ұсынған еді.
Өткен ғасырда шығарылған Type 57SC Atlantic көлігі сағатына 200 шақырым жерді еңсеруге қауқарлы болды. Ол 210 ат күші бар 3,2 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған.
Әрине, қазіргі кезде машина ескірген, оның осы жылдамдықты бағындыруы екіталай, деп жазады шетелдік БАҚ.
http://baq.kz/kk/news/45029