Авеню 9 Шілде көшесі Аргентинадға Буэнос-Айрес қаласында орналасқан. Әлемдегі ешбір көше оған ұқсамайды. Мұнда әртүрлі бағыттағы 9 жолақ көше бар, сонымен қатар, жолақтар арасына көгалдандыру жұмыстары жақсы жүргізілген екен. Оның әлемдегі ең жалпақ көше атануына себепкер болған осы көктер десе де болады. Авенюдің бір бетінен келесі бетіне өту үшін бірнеше минуттар мен үш бағдаршам қажет.
Көшенің ұзындығы — бір шақырым болса, ені — 110 метрді құрайды.
Көше осындай жалпақтықпен тұтастай бір кварталды алып жатыр. Авеню Retiro ауданынан басталып, бастыстағы Rio de la Plata жолынан аяқталады.
Көше бойында Обелиск ғимараты, француздық елшілік, Дон Кихот ескерткіші және тағы да басқа сәулет туындылары орналасқан.
Оның құрылыстары 1888 жылы жоспарланып, Айохума атауы тағылған еді. Бірақ, жергілікті тұрғындар көшенің бой көтеруіне қарсы болып, жұмыстар біршама уақытқа тоқтап қалды. 1935 жылы ғана басталған құрылыс өз жемісін беріп, бүгінде әлемді аузына қаратқан көшені жасап шығарды.
Буэнос Айрес тұрғындары өз қалаларында осындай керемет көшенің болғандығын мақтан тұтады.
Суреттер: lifeglobe.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
http://massaget.kz