937 жылы 27 мамыр күні Сан-Францискода Алтын қақпа бұғазының үстінен соғылған көпірдің ашылу салтанаты өтті. Оның ұзындығы – 1280 метр. Осыған орай, әлемдегі ең таңғажайып әрі ерекше көпірлерді еске түсіруді жөн көрдік.
Алтын қақпа көпірі Сан-Франциско мен Марин округінің оңтүстік бөлігін біріктіреді.
Вьетнамдағы Айдаһар көпірі аузынан от шашқан айдаһар тәрізді. Оның ұзындығы – 666 метр. Көпірдің осылай аталу себебі: оның алдыңғы бөлігі айдаһар басы формасында жасалған. Айта кетсек, көпір ұзындығы бойы орнатылған 15 мың жарықдиодтық шырақтардың көмегімен «Айдаһар» денесі түрлі-түске өзгере алады. Осы бір ерекше құрылыс көпірлер қаласы саналатын Данангта орналасқан.
Пэнхудегі (Тайвань) кемпірқосақ көпірі. Кешкісін керемет көріністің куәгері атануға болады: таңқаларлық көпір шамдарының сәулесі су бетіне түскен кезде, су бетінде кемпірқосақ түстері пайда болады.
Германиядағы Lego көпірі. Неміс суретшісі Martin Heuwold Германиядағы көпірді Lego конструкторынан құрастырылған секілді көрінетіндей етіп бояп қойған.
Тауэр көпірі – Лондон қаласында орналасқан ажыратылмалы көпір. Ол 1894 жылы ашылды.
Манхэттен көпірі 1909 жылы соғылды. Манхэттен мен Бруклинді біріктіреді.
Дайындаған: Ерғали Елдос