Орман деген не? Википедияның көмегіне жүгінер болсақ, ол ағаш өсімдіктермен қапталған Жер бетінің бөлігі. Орман бүгінде Жер бетінің 9,4 пайызын (немесе құрлықтың 30 пайызын) алып жатыр. Дегенмен кезінде ол бұдан да көп жерді алып жататын (құрлық шамамен 50 пайызын). Туристер арасында танымал және әлемде туристік орталыққа айналған көптеген ормандардан бөлек көпшілікке белгісіз шағын да өте ерекше ормандар жеткілікті.
1. Баобабтар аллеясы (Avenue of the Baobabs), Мадагаскар
Баобабтар аллеясы — батыс Мадагаскардың Менабе аймағындағы Мурундава мен Белони Тсирибихина қалаларының арасында орналасқан қара жолдың бойын жағалай өскен танымал баобаб ағаштары. Оның ғажап пейзажы көптеген саяхатшыларды тамсандырып келеді. Сондықтар болар баобабтар аллеясы осы аймақтағы туристер ең көп келетін орынға айналған.
Аллеяны бойлай он шақты Адансония Грандидье (Adansonia grandidieri) ағаштары өседі. Олардың биіктігі 30 метрге жетеді. Кейбіріне 800 жыл болған баобаб ағаштары кезінде Мадагаскар жерінде өніп-өскен қалың тропикалық ормандардың мұрасы болып саналады.
Көптеген жылдар бойы елде халық санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылығына қолайлы жағдай туғызу мақсатында орман ағаштарын кесіп келген. Бірақ, адамдардың осы бір айбарлы алыптарға деген құрметіне және олардың құрылыс материалдары мен күн көру көзі ретінде бағалы болуына байланысты тек баобабтарды сақтап қалған.
2. Қайыңды көліндегі суға батқан орман (Sunken Forest of Lake Kaindy), Қазақстан
Алматы қаласынан 280 шақырым жерде орналасқан Қайыңды көлі санаға сыймас сұлулыққа ие. Ұзындығы 400 метрге жететін және теңізден 2000 метр биіктікте орналасқан көлдің тереңдігі кей жерлерде 30 метрге жетеді. Алайда, осы көлге шынайы сұлулық беріп тұрған су бетінен 15 метрге дейін көтеріліп тұрған кеме діңгегіне ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңдері.
Суық түсісімен көл беті қатады, бірақ бұл да саяхатшыларға еш кедергі емес. Мұз астында жүзуді сүйетіндер су астындағы әлемнің де кереметін көріп қалуға асығып жатады.
Геологиялық тұрғыдан Қайыңды көлі тым жас саналады. Ол бар болғаны бір-ақ ғасыр бұрын — 1911 жылы орын алған жер сілкінісінің әсерінен пайда болған.
3. Дедвлей орманы (Deadvlei Forest), Намибия
Дедвлей Номибия еліндегі атақты Соссуфлей тұзды үстіртіне жақын жерде орналасқан ғажап орын. Бұл жер әлемдегі ең биік (биіктігі 400 метрге дейін жетеді) дөңдермен қоршалған. Бұл дөңдердің «Үлкен әке» секілді лақап аттары да бар.
Аталған жер Соссуфлей секілді сазды үстірт болып есептеледі. Қатты жаңбыр салдарынан Тсаучаб өзені тасып, нәтижесінде сазды үстірт пайда болған. 900 жыл бұрын климат өзгерген кезде, нөсер жаңбырдың жаууы тоқтап, айнала құрғап кеткен, құмды дөңдер үстіртке шоғырланып, өзен суының осы аймаққа келуіне толықтай тосқауыл болды.
Әрқайсысына 1000 жылдан аса уақыт болған ағаштар өлі орманды құрайды.
4. Қисық Орман (Crooked Forest), Польша
Қисық орман – бұл ақылға қонбайтын формада өсетін шоқ қарағай. Ол Польша елінің Нове Цзарново ауылының маңында орналасқан.
Шағын орманның шамамен 400 қарағайы 1930 жылдары отырғызылған. Ол кезде бұл аймақ Померания деп аталатын неміс провинциясына кірді.
Жергілікті халық ағаштардың осылай өсуін олардың өсіру кезінде ерекше әдістің немесе құрал-саймандардың қолдануымен байланыстырады. Дегенмен, мұның әдісі мен мотиві әлі күнге дейін жұмбақ болып қалуда.
5. Ұлы баньян (The Great Banyan), Үндістан
Ұлы баньян – бұл Калькутта жанындағы Ховрах қаласындағы Ашарая Джагадиш Чандра Боше атындағы Үнді ботаникалық бақшасында орналасқан бенгал фикусы. Ғалымдардың есептеуінше, ағаштың жасы шамамен 200-250-де екен.
Ағашты найзағай ұрғаннан ол ауырып қалды сол себепті 1925 жылы оның қалған бөлігі аман қалуы үшін ағаштың жартысын кесіліп тасталды. Соның нәтижесінде бір ағаштан көптеген ағаштар пайда бола бастады. Ұлы баньян дінін айнала 330 метрлік жол соғылған болатын, алайда аталған ағаш жол шегінен шығып, көбеюде.
Ұлы баньянның жасы 250 жылдан асады және ол Үндістандағы ең танымал орасан зор ағаш болып есептеледі, тіпті Азиядағы да болуы әбден ықтимал. Ағаштың нақты тарихы жоқ, соған қарамастан, 19-ғасырдың кейбір туристік кітаптарында жазылған. Жер қыртысы астындағы тамырларды ескерсек, Ұлы баньян ағашқа емес, көбірек орманға ұқсайды.
Қазргі таңда ағаш өзінің негізгі дінісіз (шіріп кеткендіктен 1925 жылы алынып тасталды) өсуде.
Негізгі діннің ұзындығы 1,7 метр болған екен, ал оның биіктігі 15,7 метрді құрапты. Ағаш шамамен 14 500 шаршы метр жерді алып жатыр (шамамен бір жарым гектар). Бүгінде ағаштың 3300 жер қыртысы астындағы тамыры бар.
6. Лемонодасос (Lemonodasos), Грекия
Лимон ағаштары орманы немесе Лемонодасос Кефалония аралының құрамына кіретін Порос аралындағы туристердің сүйікті жерлерінің бірі саналатын орын көптеген ақын-жазушыларға шабыт ретінде қызмет етті. Лимон ағашатарының орманы Адерес тауының бөктерінде өсіп-өнеді.
Кефалония аралындағы лимон ағаштары орманы
Тек лимон ағаштарынан тұратын қалың орман осы аймақтың ең керемет жағажайларының маңында орналасқан. Лимон орманына жақындаған сайын лимон ағаштарының иісін сезуге болады. Сонымен қатар, орман ішінде көптеген шағын су қоймалары кездеседі.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: bugaga.ru, ru-wallp.com