Астананың халқы «Астраханька» атап кеткен көше бар. Негізі Н.Тілендиев көшесі болу керек. Сонымен зулап отырсаңыз солтүстік облыстарға апаратын күре жолға бірақ шығасыз. Осы көшенің соңына жетіп қалған кезде Нұрағаңды – халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өзін де кезіктіресіз. Дүкенде. Тірі күнінде 500-ден астам шығарма тудырып, аңыз адамға айналған атақты композитор елорданың елеусіз бір бұрышында еңсесі түсіп тұр. Еңсесі түспегені емей немене, қаланың орталығында жұрт көп жүретін жерде орналасқан зәулім ғимарараттардың қабырғасынан орын табылмай естелік тақтасы кішкентай дүкеннің қабырғасында ілініп тұрса. Әттең, дарындарымызды дәріптей білмейтін елміз ғой.
«Әніңді айтай-е-ен, тақтаңды қайтейін…» деп отырған шығар Астананы тойшыл, думаншыл шенеуніктері.
Мүмкін өнерді қатты сыйлап, қадір тұтатын қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов халық қаһарманының құрмет тақтасы мазақ етілгендей дүкеннің қабырғасына ілінгенін білмейтін де шығар. Бұн әкімге айтып жеткізер біреу болса ғой.