АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

 ӘЛИЯ ЮСУПОВА ЖЕРШІЛДІК ДЕРТІ ГИМНАСТИКАҒАДА ЖЕТКЕНІН АЙТТЫ

Астанада Шымкенттік жас гимтастикашы қыз Сабина Әшірбаева Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға жолдама ұтып алды, -деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

Гимнастикашы қыздың бас бапкері Әлия Юсупова.

«Білесіздер ме, лицензия ұтып алу, әрине өте қиын. Және бұл Қазақстандық гимнастикашы қыздардың тарихында алғаш рет. Енді лицензия ұтып алған 17 жасар гимнастикашы олимпиада ойындарына қатысатын болады! Бұл тамаша сәттілік!, — деді гимнастикашы қыздың бапкері Әлия Юсупова.

«Бізді әуежайда Астаналық және Шымкенттік тренерлер күтіп алды. Астаналық тренер Шымкенттікке «сен Юсупова мен Әшірбаваға гүл сатып ал, сен де Шымкенттіксің ғой» депті. Бірақ біз лицензияны ұтып алғанда біз қай облыстан екенімізді ойламадық қой, бастысы Қазақстаннан Риоға жолдама алдық», — дейді Әлия Юсупова.

Жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионаты басталды. Алайда спортшы мен оның бапкері бұл жолда да кедергілер көріпті.

«Гимнастика Федерауиясы тізімге Сабина Әшірбаеваны қоспапты. Мен қоңырау шалып, Сабинаның Риоға лицензия ұтып алғанын, оның тізімге қосу керектігін айттым. Ал олар менің сөзіме сенбеді. «Тізімге қосамыз, бірақ хабарламаймыз» деген соң, біз қатысудан бас тарттық», — дейді бас бапкер.

«Тек қана Астананың гимнастикашылары киімді тегін алады, тегін жаттығады, оқу-жаттығу лагеріне тегін жолдама алады. Бұл дұрыс емес қой», — деп шамданады Әлия Юсупова.

Бір ғана мәселе, жершілдік, рушылдық спорт пен олимпиадаларға да араласа бастауын әзірден қатаң бақылауға алатын кез жетті. 

«Қамшы» сілтейді