АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АЛМАТЫ ӘКІМІ БАУЫРЖАН БАЙБЕК ӨРТ БОЛҒАН ЖЕРГЕ КЕЛДІ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Юбилейный» супермаркетінен шыққан өрт болған жерге келді, — деп хабарлайды Qamshy.kz . 

Қала әкімі тұрғындар мен зардап шегушілермен кездесіп, уақытша лагерлерге орналасқан жұртшылықпен кеңесті.

Айта кетейік,  «Корова бар» кафесінде шыққан өрт «Юбилейный» супермаркетіне жетіп, өрттен жақын тұрған үйдің 46 пәтері бүлінген.

Жалын 1100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 115 адамы тартылып, 21 дана техника қолданылды, сонымен қатар жергілікті полиция, жедел жәрдем, водоканал қызметі мен энергетик мамандар тартылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.