Алматыда өтіп жатқан «I Халықаралық балалар өнер фестивалі» атты қоғамдық шара ауқымында бүгін, 26 наурыз күні Жамбыл атындағы Филормонияның концерт залында «Алматы достарды қарсы алады«қайырымдылық концерті өтті.
Концертке көрермен ретінде жетімдер үйлерінде тұратын, интернаттарда оқитын балалар шақырылды. Концерттен табылған ақша жетімдер үйін паналаған және жағдайлары нашар отбасылардың балаларына табысталады.
Кешті ұйымдастырушы KS-production орталығының продюсері, танымал жазушы мен ақын Карина Сарсенова ашты. Ол өзінің жаңа туындыларымен таныстырып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
«Қазына» вокал тобы тірідей дауыспен таң қалдырды.
«Тенгри» триосы дәстүрлі әндерді орындады.
Ал оның құрамындағы рок-әнші Асем өзінің стилінде өнер көрсетті.
Итальяндық әнші Аугусто Амикуччи қазақ тілінде «Қара Жорғаны» орындады.
Келесі кезек бүлдіршіндердің өзінде болды. Қайырымдылық концертке фестивальға Қазақстан атынан шыққан балалар қатысты.
Олардың өнері мен құлшынысы керемет көңіл күй сыйлады.
Көрермендердің көбісі жетімдер үйлерінің балалары болды.
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты — қазақстандық балалардың Халықаралық сахнаға шығып, түрлі елдерде танылуы. Дарынды бүлдіршіндер мен олардың ұстаздарын үйретіп, шығармашылықтарын жаңа деңгейге көтеру. Олар көрермен бүлдіршіндерді өнерге итермелеп, болашақта осы сахнаға көтерілуін тіледі.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова
http://massaget.kz/