АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматы облысында 58 га пайдаланылмайтын жер мемлекетке қайтарылды

20150923112703Алматы облысы Ескелді ауданының  прокуратурасы өз бақылау аумағында мақсатты түрде пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау үшін жұмыс тобын құрды.  

Тексеріс нәтижесінде 2015 жылдың өткен мерзімінде Ескелді ауданындағы Қоңыр және Балпық би атындағы шаруа қожалықтарына берілген 58 гектар жер 4 жылдан астам уақыт бойы тиісті мақсатта пайдаланылмағаны анықталды. 

Анықталған факт бойынша аудан прокуратурасы аудан әкіміне  прокурорлық іс-әрекет актілерін тапсырды.  Аудан әкімінің қаулысымен пайдаланылмаған жер учаскелері  мемлекет иелігіне қайтарылды.