АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматы облысында журналистер «Нұрлы жол» жобаларымен танысты

участок дороги АрхарлыБүгін Алматы облысында «Алматы-Талдықорған» автожолының бөлігінде пресс-тур болып өтті. Іс шараны ұйымдастырушы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.
Іс шара барысында республикалық телеканалдардың, газет және ақпараттық агенттіктердің журналистері «Алматы-Талдықорған» жолының бөлігіне шығып, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан осы бөліктегі тас жолдың құрылысымен танысты.
жол Алматы-Талдыкурган 04«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов және Алматы облыстық филиалының директоры Батыр Дадамурзаев, сондай-ақ, мердігер компаниялардың басшылары журналистерді құрылыс барысымен таныстырды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыстың аяқталу мерзімі, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Аялдама кезінде, олар сондай-ақ, алдағы уақытты жол бойындағы қызметтің даму жоспары мен Алматы облысындағы автожолға ақылы жүйе енгізілетіні туралы айтып өтті.
жол Алматы-Талдыкурган 01Пресс-турдың негізгі мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамды инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстыру болып табылады.
Өткен жылы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының торабын дамытуға 174 млрд. теңге бөлінген болатын, оның ішінде 41,2 млрд. теңге Алматы облысына. Ол жалпы бюджеттің 24 % құрайды.
Биылғы жылы жалпы автожолға Республикалық бюджет
тен 234 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Алматы облысына 47,8 млрд. теңге.
Ағымдағы жылы 306 шақырым автожол бойында жұмыстар техолог пр0цессжүргізіледі, 265 шақырым жол қайта қалпына келтіріліп, 41 шақырым жолға орташа жөңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін, 98 шақырым жаңартылған автожол пайдалануға беріледі. Ол үшін 946 дана техника мен 1767 адам жұмысқа тартылған.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктердің қарыз беруі арқылы «Алматы-Хоргос» автожолының бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Құрылыс жұмыстарын Қазақстанның «Қазақжолқұрылыс», «К-Жолқұрылыс», «Найза-Құрылыс», түріктердің «СинеМидасСтрой», итальяндықтардың «Тодини» сияқты белгілі компаниялары, сонымен қатар, жергілікті «Талдықорған жолдары», «Қапшағай көпіржасағы» және басқа да компаниялар жүргізуде.
Жолды қайта қалпына келтіруге қолданатын материалдардың 90% отандық өндірушілердің өнімдері болып табылады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторы инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 трлн. теңге болатын 7 100 шақырым жолды құрылыс-жөңдеу жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша Алматы-Астана, Алматы-Өскемен, Алматы-Хоргос және Үшарал-Достық бағыттарындағы автожолдарды қайта қалпына келтіру көзделген.