Алматыда 2017 жылы өтетін Универсиада туралы банер теріс ілініп, күлкіге қалды, — деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Көктөбеге» көтерілер жолда теріс ілінген банердің суретін Фейсбук әлеуметтік желісіне Татьяна Трубачева есімді қолданушы «Имитация» деген кекесін пікірімен жариялаған.
Бұған дейін Орал қаласында Мемлекеттік ту теріс ілініп, көпшіліктің наразылығына ұшыраған болатын.