АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматыда 2,5 млрд теңгені жымқырған метроның экс-директорына қатысты сот басталды

скачанные файлыАлматыда метроның экс-директоры Мұрат Өкшебаевқа, оның орынбасары Ербол Қалдыбаев пен құрылыс компаниясының басшысы Константин Антиповқа 2,5 млрд теңгені жымқырған деген айып тағылды.
Фото: еkhokavkaza.com
17 маусымда қамауға алынған Өкшебаев (176-бап, 4-бөлім, «б») өзгенің мүлкін иемденген деп күдіктелуде. Сот оның 4 пәтері мен жер учаскесін тәркілеу шешімін шығарды.

«Сотта айыпталғандар арасында «СредАзЭнергоСервис» құрылыс компаниясының директоры мен Өкшебаевтың орынбасары Ербол Қалдыбаев бар. Тағылған айыпқа сәйкес, олар 2 млрд 503 млн 60 мың теңге жымқырды деп күдіктелуде», – деп мәлімдеді сотта.

Өкшебаевтың тұтқынға алу мерзімі 14 қазанда аяқталады.

Алғашқы сот отырысы сотталушылардың бірінің қорғаушысы келмеуіне байланысты 28 қазанға шегерілді.

http://www.nur.kz/