АЛМАТЫ. 10 сәуір. Baq.kz – 2013 жылдың басында Алматы қалалық № 7 клиникалық ауруханада бүйректі ауыстыруға 25 ота жасалды. Бұл туралы № 7 ҚКА трансплантация бөлімшесінің меңгерушісі Равиль Ибрагимов мәлімдеді.
«Бүгінде науқас адамдардың туыстары бүйрек донорлары болуға жиі келісімін беруде. Алдыңғы жылы жарты жыл ішінде бүйректі ауыстыру бойынша 12 ота жасадық. Ал қазіргі күні аптасына 2 ота жасалады»,-деді Р. Ибрагимов.
№7 ауруханадағы трансплантация бөлімі Алматыдағы мемлекеттік мекемелердің ішіндегі жалғызы ғана. Отаны жоғары білікті мамандар жасайды.
Осы айдың аяғында ауруханада бауыр мен ұйқы безін ауыстыратын тағы бір бөлімше ашылады деп жоспарланып отыр.
http://www.baq.kz/kk/news/26163