АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда «Дін және әйел» халықаралық форумы өтеді

АСТАНА. 26 ақпан. Baq.kz — Алматыда «Дін және әйел» халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссиямен, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетімен және «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымымен бірігіп «Дін және әйел» халықаралық форумын өткізеді», делінген агенттік мәлімдемесінде.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, ғалымдар, оқу орындарының оқытушылары, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысады.
Халықаралық шара 4 наурызда Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінде өтеді деп жоспарланған.
Айта кету керек, ҚР Президенті биылғы жылғы Жолдауында еліміздегі діни ахуалға баса көңіл бөлуді тапсырды. Оның ішінде дін мәселесін әйелдердің құқығына ұштастыра отырып бірқатар бағыттарды нұсқады. » …аналарымыз, әпке-қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүрлері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер.
Біздің әйелдерде ұлттық тәкаппарлық, қалыптасқан киіну стилі бар, оны олар ибалылықпен ұстана біледі және біз, ерлер, әйелдердің осы қасиетін жиі теріс пайдаланамыз.
Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз.
Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.
Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», деді Мемлекет басшысы.

http://baq.kz/news/23880