АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АЛМАТЫДА «КСРО-НЫ» НАСИХАТТАҒАН ГАЗЕТ ТАРАЛУДА

567a7952a288e12377956_921293617951958_7403122065103617241_oАлматыда КСРО-ны қайта жаңғыртуға шақырған «За СССР!» газеті тегін таратылуда. Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында дабыл қақты.

Журналистің айтуынша, Мәскеуде жарық көрген, А 2 форматындағы газетті белгісіз біреулер Рысқұлов-Сүйінбай даңғылдарының қиылысында тегін таратқан. Газет «оқырмандарын» бірнеше ұлттың «тату-тәтті күн кешкен, қайғысыз-қамсыз» мемлекет Кеңес Одағын қайта жаңғыртуға шақырады.

«Дабыл! Ақпараттық қауіп төнді! «СССР-ды» аңсау асқынып бара жатыр. Мәскеуде шығатын мына кәзит Алматыда тегін таратылуда. Материалдары мен ұраны — Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын талқандау, елдің егемендігіне қол сұғу. Қазақстан Республикасының заңды жолмен сайланған басшыларын, Үкіметін, депутаттарын, әскери құрылымдарын жойып, бодандық қамытты қайта кигізуді көздеген. Өздерінің жазуынша — «бағына қоймаған СССР азаматтарының органы» екен! Қырым мен Украина, Орта Азиядағы туыстас мемлекеттерді бізге қарсы қоятын мақаларды үйіп-төгіпті. Бұған жол бермеу керек! Осы мәселе бойыншаАлматы Қаласының Әкімдігі, Алматы полициясы тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп, радикалды-экстремистік басылымға қарсы Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстерінің ең қатал талаптары бойынша шара қолданады деп үміттенемін», — дейді Тоқтар Жақаш өз жазбасында.

Аталған оқиғаға байланысты Алматы қаласындағы тиісті мемлекеттік мекемелерден әзірге ешбір ресми мәлімдеме тарамады.

«Қамшы» сілтейді