АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда тұңғыш халықаралық интернет-көрме өтеді

Алматы. 10 сәуір. Baq.kz Алматыда 26-27 сәуір күндері Internet Avenue 2013 тұңғыш халықаралық интернет-көрме өтеді, деп хабарлайды afisha.kz

«Екі күн бойы халықаралық форматтағы ІТ индустрияның басты мәселелері көтеріледі. Интернет-көрмеге әлемнің 20-дан астам елінен келген өкілдердің жобалары қатысады», – делінген хабарламада.

Retail avenue бөліміндегі бір алаңда интернет-дүкендер, көтерме саудамен айналысушылар, жабдықтаушы компаниялар және интернет-дүкендерге қызмет ұсынатын логистикалық компаниялар сынды ритейлге қатысушылары кездеспек. Көрмеде, сондай-ақ «Ритейл: Жаңа толқын – 2013» халықаралық байқауының тұсаукесері, қазақстандық және ресейлік блогерлердің дискуссиясы мен компания ұсынған мастер-класс өтеді.

Көрменің B2B IT Avenue бөлігінде веб-әзірлеушілер, жарнама агенттіктеріғ бизнес өкілдері мен сала сарапшылары болмақ. Start-ups + Invest Avenue бөлігі интернет-жобаға қатысушыларға әлеуетті инвесторлармен кездесуге мүмкіндік береді.

Болгария, Ресей, Украина, Түркия, Беларусь, Германия, Италия, Қытай, Австрия және Қырғызстан мемлекеттерінің өкілдері көрмеге қатысатындарын растады.

Bnews.kz