АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда жапон киносының фестивалі өтеді

Жапония елшілігінің Алматы қаласындағы бөлімшесі және Олег Борецкийдің киноклубы «Цезарь» кинотеатрының қолдауымен жапон киносының фестивалін өткізеді. Алматыда осымен 13-ші рет өткелі тұрған шара аясында күншығыс елінің тарихы мен мәдениетін, тұрмыс-салтын паш ететін кинотуындылар көрсетілмек. Фестиваль 2013 жылғы 1-3 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Киножиында Жапонияның әлемге танымал анимесінен бастап қазіргі заманның комедиялары мен терең драматиканы қамтитын 5 туындысы көрсетілмек.

Көрсетілім кестесі:

1 наурыз (жұма)

— 19:00 — Фестивальдің ашылуы. «Электричка Ханкю» («Hankyu densha») / драма, комедия, 2011

2 наурыз (сенбі)

— 15:00 — «Коротышка Маруко» («Chibi Maruko-chan») / комедия-анимэ, 1990

— 17:00 — «Адреналиновая гонка» («Adorenarin doraibu») / комедия, 1999

3 наурыз (жексенбі)

— 15:00 — «Счастливый полёт» («Happy Flight») / комедия, 2008

— 17:00 — «Дора-Хейта» (Dora-heita) / комедия, боевик, 2000

 

Барлық фильмдер жапон тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі. Билет құны — 300 теңге.

 

Дереккөз: kino.kz