АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды [:]

[:kz]

Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Мәйіт шамамен 11.00-де Есентай өзенінен табылған. Денені сүңгуірлер алып шықты. Оқиға орнында ТЖ, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оның киімінде құжаттары табылған. Сафар Шәкеевтің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.


© Владимир Прокопенко


© Елнұр Жүнісов

Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілген. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы «Казкоммерцбанк» орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Сафарды іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылған еді.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz

[:]