АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы терактіден жарақат алған тағы екі полицей қайтыс болды [:]

[:kz]

photo_28047Алматыдағы терактіден жарақат алған тағы екі полицей қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде Күлекбаевтың заңға қайшы әрекеттеріне қарсылық көрсету кезінде жарақат алған екі полиция қызметкері қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, жарақаттары ауыр болды», — деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Олар — полиция сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы, 1973 жылғы, Алматы қалалық ІІД Жергілік полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің полицейі, ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет еткен. Қызмет кезеңіде «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 1,2,3 дәрежелі медальдарымен марапатталды, «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісімен және ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД грамоталарымен марапатталған. Үйленген, артында үш қызы қалды; полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нуридиллаұлы, 1992 жылғы, Алмалы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы, ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет еткен. Қызмет барысында ҚР ІІМ және Алматы қалалық ІІД алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Үйленген.

«Алматы қалалық ІІД жеке құрамы, басшылығы және Ардагерлер кеңесі Серік Әбілдаев пен Мейрамбек Рахматуллаевтың қазасына байланысты олардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген хабарламада. 

18 шілдеде Алматыда болған терактіден осыған дейін үш полицей қаза тапқан еді. Олар Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы, Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы, Ғалиев Аян Ерболғанұлы. Кейін тағы бір полицей Тимур Бегасылов ауруханада көз жұмған болатын. 

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан алты адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/

[:]