АЛТЫНОРДА
Новости Алматы

Алматының даму бағдарламасы

скачанные файлыКалалықтар пікірін ескере отырып жасалады

Кеше Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жетекшілігімен «Алматы-2020» бағдарламасының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Отырыс барысында айтылғандай, бағдарламаның дайын жобасы жақын арада көпшіліктің – сарапшылардың, бизнесмендердің, үкіметтік емес ұйымдар мен қалалықтардың пікір-ұсыныстарын білу үшін қала әкімдігінің аlmaty.gov.kz ресми сайтында жарияланады. Бір ай ішінде ұсыныстар мен толықтыруларды арнайы құрылған almaty2020@a-a.kz электронды поштасына жіберуге болады. Осылайша, қаланың даму бағдарламасы елімізде алғаш рет көпшілік талқысына салынып отыр. Бұл Елбасының бес институттық реформасы мен Ұлт жос­пары – «100 нақты қадамды» жүзеге асыру болып табылады.

Даму бағдарламасының жобасын жасауға мемлекеттік органдар өкіл­дерімен бірге қала құрылысы, сәу­лет, экономика және қалаларды стра­те­гиялық жоспарлау салаларында үздік ха­лықаралық тәжірибе жинақтаған, әлемге танымал «McKinsey&Company» компаниясы тартылды.

Мегаполистің даму бағдарламасын талқылауды және толықтыруды қам­та­масыз ететін, құрамына ірі үкі­мет­тік емес ұйымдардың, қаржы инс­ти­туттарының өкілдері, салалық қоғам­дастықтар басшылары, қоғам қайрат­керлері, түрлі сарапшылар енген қоғамдық кеңес құрылатындығы айтылды. Алдағы бір ай ішінде бағдарламаның салалық аспектілерін талқылау бойынша қалалық қоғамдастықтың ынталы топтарымен бірқатар диалог алаңдары ұйымдастырылады.

Көпшілік талқысына ұсынылып отырған «Алматы-2020» бағдарла­ма­сында одан әрі дамудың негізгі жеті бағыты тұжырымдалған. Олар: қолайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағыттағы қала, экономикалық тұрақты қала, бизнеспен жеке капитал қаласы, интеграцияланған қала, белсенді азаматтар қаласы. Бұлардың барлығы бағ­дар­ламаның бес қағидасына негіздел­ген. Олар: әр адамға қамқорлық, озық тә­жі­рибе не­гізінде тиімді және экономи­ка­лық ше­шімдер, экономиканың драй­вері ре­тінде бизнесті ынталандыру, аза­­мат­­тық қоғамды кеңінен тарту, жергі­лікті органдардың ашықтығы мен есеп беруі.

Алматы тұрғындары бір ай ішінде қаланың басты ресурсы адамдар мен олардың ақылы және шығармашылық қабілеті деп көрсетілген «Алматы-2020» даму бағдарламасын талқылауға белсенді түрде қатыса алады.

Шарафаддин ӘМІРОВ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.