АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АМЕРИКАНДЫҚ БАҚ: ЕРДОҒАННЫҢ ТӘКАППАРЛЫҒЫ ТҮРКИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА КЕСІРІН ТИГІЗДІ

скачанные файлыАмерикандық Washington Post газеті Түркияның саясатына қатысты сарапшылардың пікірін жариялады, — деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Онда Ережеп Ердоғанның саясаты Түркияны тығырыққа тіреді және одан шығу ендігі уақытта оңай емес деген пікірлер айтылады.

Қазір түрік президенті Сирияға әскери операция бастап, халқының да, әлемдік қауымдастықтың да, тіпті, әскерилердің де наразылығын туғызып отырғанын айтады басылым. Ердоғанның өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, Сирияға қатысты саясаттағы көптеген факторларды ескермегені сөз болады.

«Ердоған сыртқы саясатты өзінің менмендігінен ақсатып алды. Ол 2010 жылы Түркияның жағдайына мастанып қалды. Оның міндетіне кірмейтін де мәселелер бар. Бірақ, олардың орындалуына жауап беретін — президент», — дейді Түркия жөніндегі сарапшы Генри Бейкер.

Осы аптада Түркияны басты одақтасы АҚШ сириялық күрдтер мәселесінде қолдамайтыны белгілі болды.

Басылым «Сондықтан, Түркия проблемалар лабиринтінде адасып қалды. Ол проблемалардың көбіне Түркия өзі кінәлі», — деген Кадир Хас (Ыстамбұл) университетінің профессоры Соли Өзелің пікірін келтіреді.

«Түркия айналасымен қарым-қатынасты бұзғаны сонша, ешкімге өзіне пайдалы бірдеңе жасауға ұсыныс айтатын хәлде емес. Бұл елдің сөзі қазір еш салмақсыз болып қалды. Түркия өз уәделерін орындамайтын болды. Ол өзінің басты мүдделерін қорғай алмай отыр және барлық одақтастарымен кикілжің туғызуда. Осыған дейін аймақтық держава аталып келген ел үшін бұл – қасірет», — дейді С. Өзел.

АҚШ қолдауынан айрылған соң, Түркия шекарасына Ресей жақындап келеді. Сирия мен Арменияда ресейлік күштердің болуы, Сириядан ағылған босқындар түркиялық  азаматтарға үрей туғызуда, экономика депрессияға ұшырады, ал, ел ішінде күрдтермен қақтығыстар қарқын алуда», — делінген мақалада.

Сондай-ақ, Ипек (Анкара) университетінің профессоры Гокхан Бацик Түркия жағдайына қатысты: «Түркия көп жоспарлы апатқа тап болды. Бұрын да көп проблемаларды бастан кешкен елдің бүгінгі қиындықтарының ауқымы елдің мүмкіндіктерінен әлдеқайда асып түседі», — дейді.

АҚШ-қа арқа сүйеп Ресеймен кикілжіңге барған Түркияға бір ғана Сирия мәселесінің өзі оңайға соқпайтын сияқты. Өйткені, АҚШ сириялық күрдтерге қатысты Түркияға жақпайтын ұстаным білдірді. Оның үстіне, елде орын алған соңғы лаңкестік әрекет те Ердоғанның ендігі саясатына біршама «өзгеріс» жасауы мүмкін.

«Қамшы» сілтейді