«Embraer – 190» әуетасымалдаушы флотындағы жетінші ұшақ. Әуе кемесі тікелей Бразилиядан зауыт-өндірушіден жеткізілді. Бұл ұшақтар орта қашықтағы тар фюзеляжды жолаушы ұшағының Е тобына жатады. Жолаушы сыйымдылығы – 97 орын. Ең үлкен жылдамдық – 890 ш/с. Ұшу қашықтығы – 4200 шақырым. Тиімді де сапалы әрі жайлы ұшақтың Әмина Өмірзақованың есімін иеленуі еліміздегі елеулі жаңалық болып отыр.
– Авиапаркін Эмбраер тобының заманауи әуе кемелерімен толықтырып, әуекомпания өз флотының жаңартуын жалғастырады. Бұл Қазақстанда және таяу шетелде аймақтық желіні дамыту стратегиясы және Қазақстанды Еуразиядағы транзиттік жолаушы торабы ретінде дамыту аясында жасалып жатыр. Сондай-ақ біз ұшақтарға Қазақстан тарихы, өнері және мәдениетінде терең із қалдырған қазақ әйелдерінің есімдерін қою ізгі дәстүрді жалғастырудамыз. Бұл ретте біз ана бейнесін экранда зор күшпен сомдаған көрнекті актриса Әмина Өмірзақованы ұлықтап, оның есімін осы ұшаққа беруді ұйғардық, – деді «Эйр Астана» АҚ сату және маркетинг жөніндегі вице-президент Ибрагим Жанлыел.
http://www.aikyn.kz