Анандидің жас кезін сомдаған айтулы актрисаға деген сүйіспеншілік суымағаны анық. Тіпті оған ғашық болған қазақ жігіттері де бар екен. Солардың бірінің хаты редакцияға да жетті. Хатпен танысуға құштар болсаңыз, оқыңыз…
Көпшіліктің көзайымына айналған «Келін» телесериалында басты рөлде ойнаған Анандидің Астанаға келуі қуанышты оқиға болғанымен, оның «Қазақстан» телеарнасының айналасынан алыс кете алмауы, қарапайым жұрттың дидарласуға қолы жете алмағаны өкінішті жағдай болды. Бірақ…
Анандидің жас кезін сомдаған айтулы актрисаға деген сүйіспеншілік суымағаны анық. Тіпті оған ғашық болған қазақ жігіттері де бар екен. Солардың бірінің хаты редакцияға да жетті. Хатпен танысуға құштар болсаңыз, оқыңыз…
Құрметті Ананди!
Мен сенімен «Келін» телесериалы арқылы таныспын. Сен қуансаң – қуанып, мұңайсаң –мұңайған күндерім аз болған жоқ. Сендер жақтың салт-дәстүрі қиындау екендігі де жаныма батты. Тек кино екендігін ойыма алғанда ғана көңілім орнына түсетін.
Каляни әжейдің бірауыз сөзін жерге тастамайтын елгезек мінезің маған қатты ұнады. Шіркін, қазақтың да барша келіні енелеріне осылайша ізет көрсетіп, құрметтей алса, нұр үстіне нұр емес пе? Айтпақшы, қазақ халқының да салт-дәстүрінде енені сыйлау, құрметтеу, келінді қызындай көру секілді қалыптасқан әдет бар. Осы жағынан алғанда ұлттар арасында ұқсастық та бірден байқалады.
Мейлі, ол бөлек әңгіме. Бәрінен қызығы, сенің Астанаға келуің, жастар үшін жағымды жаңалық болды. Шынымды айтсам, сені бір көру үшін Астанаға барғым да келген. Алайда қайдан табарымды білмедім. Тым болмаса, қолыңды алып, жақыннан бір көру арман болып қала берді.
Теледидардан сені көрген соң, саған деген көңілімнің өзгеше екендігін байқадым. Қысқасы, сені ұнатып қалдым. Алайда мекенжайыңды, телефоныңды қайдан табамын? Тапқан күнде де ағылшын тілін білмейтіндігім де қолбайлау болары анық.
Ананди, сенің шын атыңды да ұмытып қалыппын. Бірақ сен біз – көрермендер үшін әдемі, ізетті, ақылды қызсың. Көрікті қыздың келбеті мен ақылы бірін-бірі толықтырып тұруы тиіс деп ойлаймын. Ана Жадиш деген жігіттің қай жылғы екендігін білмеймін. Алайда келешекте соған үйленіп кетесің бе деп те қорқамын.
Мен Алматыда тұрамын. Студентпін. Болашақ мамандығым – мұғалім. Оқу бітірген соң сені қалай да тауып алуға тырысамын. Егер сен Қазақстанға қоныс аударар болсаң, ең бақытты, ең атақты, ең абыройлы артис боласың. Бұған еш күмәнім жоқ. Ал сендей аяулы қыздың жанында жүру – менің мәңгілік арманым.
Сәлеммен, Қайрат ҚҰРАЛҰЛЫ
Редакциядан: Анандиге арнап хат жазғысы келген жігіттер болса,
өз пікірлерін joldas216@mail.ru ЭЛ.ПОШТАҒА жолдауына болады.
Бұл хаттар Үндістан елшілігіне тапсырылады.
http://www.aikyn.kz/articles/view/50752