АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Әр қазақстандық шетелге 1500 доллар қарыз

ДолларыБүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрi Руслан Дәленов мемлекеттік қарыздың мөлшері 26,5 млрд. АҚШ доллары болғанын мәлiм еттi.

«1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4 трлн. 074 млрд. теңгенi құрады. Доллармен есептесек, шамамен 26,5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде шығады. Бұл IЖӨ-нiң 1,9 пайызына тең. Айтарлықтай төмен көрсеткiш», — дедi Р. Дәленов.

Сонымен қатар мемлекеттiк кепiлдiк аясында алынған қарыздар 121 млрд. теңге болып отыр.

Яғни, әрбір қазақстандық шетелге 1500 доллар қарыз. Отбасында төрт жан болсаңыз, шетелге берешегіңіз 6000 доллар. Бұл сіздің бесіктен белі шықпаған сәбиіңізде борышкер деген сөз.

Masa.kz