АЛТЫНОРДА
Новости

Ардагерді еске алу турнирі

11-13 мамыр күндері Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан Ұлы Отан соғысының ардагері, ірі қоғам қайраткері КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мнайдар Рамазановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді. 

Бұл жарыстың жалауы биыл 9 мәрте желбірейді. Әр жылдары оған республикамыздың әр аймағынан және бірқатар шет мемлекеттерден келген командалар қатысты. Бұл турнирде Алматының «Арғымағы» бес мәрте жеңімпаз атанса, «Талан» бір рет топ жарды. Сондай-ақ Барнаулдың «Университет» пен «Зернобанк» клубтары да жеңіс тұғырының ең биік сатыларынан көрінді. Соңғы рет ұйымдастырылған жарыстың бас жүлдесін Ресейден келген қонақтар еншілеген болатын. Финалда «Зернобанк» Қырғызстанның чемпионы «Салам Алик» клубынан басым түсті. Сол кезде жанкүйерлер Валерий Шиндов («Арғымақ»), Эмрах Гусейнов («ҚР ҰҚК»), Мақсат Тұрысбеков («Қазақфильм»), Марсель Гайфутдинов (Өзбекстан), Константин Федоров («Орбита»), Сергей Гришечкин («Пирамида»), Артем Ипатьев («Зернобанк», Ресей) және Андрей Ефимов («Салам Алик») сынды ойыншылардың шеберлігіне тәнті болды. Биылғы додада 8 команда бақ сынайды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның өкілдері бар. Мнайдар рамазановты еске түсіруге арналған жарыстың жоғары деңгейде өтуіне «Оутотек Қазақстан», «Бетпақ Дала», «Указ-Сауда» ком­пания­лары мен «Canon CEE GmbH» фирмасының өкілдігі мұрындық болуда.

 

http://www.aikyn.kz