АЛТЫНОРДА
Новости

Ас ішпей қанша уақыт өмір сүруге болады?

Прахлад Джани ©fotoprizer.ruӘлемде түсініп болмайтын ғажайыптар көп-ақ. Сондай ғажайыптың бірі – ас ішпей тіршілік ету. Дәл бүгінгі күні жер бетінде ас-су ішпей тіршлік етіп жүрген адамдар бар. Жалпы, адам ас-су ішпей қанша уақыт өмір сүре алады?

Адам ағзасы шамамен 70% оттектен, 17% көміртектен, 10% сутектен, 3% азоттан тұрады. Мысалы салмағы 50 келі болатын адамның бойындағы оттек, көміртек, сутек, азоттың жалпы үлес салмағы 48,3 келі болады. Яғни, адам салмағының 96 пайызын осы негізгі төрт элемент құрайды. Адам бірнеше тәулік ас-сусыз өмір сүруі мүмкін, ал оттексіз тіршілік ету мүмкін емес.

Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі оттегімен қоректенеді. Мысалы, жануарлар салмағының 3/4 бөлігі, өсімдіктің – 4/5, минералдардың – 1/2 бөлігі оттектен тұрады. Ал судың 8/9 бөлігін оттегі құрайды екен.

Сонан соң, адамның тіршілік етуіне қажет дүние – күн. Күн болмаса, тіршілік болмайды. Қазіргі таңда жер бетінде атамдардан қорек алып, тіршілік ететін адамдар бар.

Австралиялық Воллонгонг университетінің ғалымдары адам ағзасы тағамсыз 4 күн ауру-сырқаусыз жүре алатынын алға тартуда. Жалпы, адам тамақсыз 4-7 аптаға дейін шыдай алады, бірақ сусыз адам организмі 5 күннен артыққа төзбейді екен.

Десе де, ғалымдардың бұл тұжырымымен келіспей, ұзақ жылдар бойы ас-сусыз өмір сүріп жүрген адамдар бар. Сролардың бірі үндістандық Прахлад Джани есімді 83 жастағы қарт. Йогамен айналысатын ол 72 жылдан бері тамақ ішпей өмір сүріп келеді. Прахлад Джани 11 жасынан бері аузына бір жұтым су да татып алмаған. Ол соңғы рет әжетханаға 1940 жылы барыпты. Медициналық тексеруден өткен қарияның бойынан дәрігерлер ешқандай сырқат белгісін таппаған. Үндістандық ғалым Судхир Шах қарт йогтің медитацияның күшінен қуаттанып отырғанын айтады. Прахлад Джани бүгінде Гуджарат штатының солтүстігінде Амба-Мата құдайына арналған храмның қасында өмір сүріп жатқан көрінеді.

Ас ішпейтін адамдар

1937 жылы 12 қыркүйекте туылған Үндістандық Хира Ратан Манек күн энергиясымен және сумен қоректенеді. 1992 жылдан бастап, ол ұмыт болған, ежелгі күнге қарау тәсілін оқып үйрене бастаған.

Ал, австралиялық Джасмухин 1993 жылдан бері ас та, су да ішпеген. Ол «дыханиенизм» ілімінің негізін салушы болып саналады.

Ал ресейлік Зинаида Баранова 2000 жылдан бері ас-су ішуді мүлде доғарған.

Йог Бабаджи ассыз, сусыз, бір орнынан қозғалмай 45 тәулік отырған.

Сондай-ақ тек су, шай не кофемен ғана қоректеніп, тіршілік етіп жрген адамдар да бар.

Жылдап қоректенбейтін жыртқыш

Жылдап ас-су ішпейтін адамдар ғана емес, жануарлар да бар екен. Мысалы, крокодил екі жыл қорексіз жатуы мүмкін екен. Ғалымдардың айтуына қарағанда, мұндай күйде крокодил күн қуатымен және ауамен қоректеніп, тіршілік ететін көрінеді. Ұзындығы 6 метр, салмағы 750 келі болатын крокодил қозғалу үшін қанша күш жұмсайтынын пайымдауға болады. Сондықтан мұндай күйде болғанда крокодил өте аз қозғалыс жасайды, тіпті узақ уақыт қозғалыссыз жатады екен.

Аюлардың да 6-7 ай қыстық ұйқыға кететіні көпшілікке белгілі. Бұл мезгілде аюлар қоректенбейді. Аюдың ағзасы денесіне жаз бойы жиналған 50 келі майды, қысқы ұйқы кезінде қорекке айналдырып, пайдаланады. 6-7 ай ұйқыда жатып, аю 2-4 қонжық табады. Жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 грамдай болады.

Автор: Қалдар Көмекбаев

http://alashainasy.kz/gazhaip/51304/