Қазақстанның ардагер актері Асанәлі Әшімов әнші Қайрат Нұртастың өміріне арналған «Өкініш» фильмінде ойнағанын жоққа шығарды.
«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында, артист аталған кинотуындыға қалай тап болғанын былай түсіндірді: «Ол былай болды. Қайраттың шешесі өте пысық адам екен. Маған келіп, «Асанәлі аға, мына балама бата берсеңіз», – деді.
Е, берсем берейін деп аз сөзбен тілегімді айттым. Аппаратурасымен түсіріп жатқан. Отбасының шаруасы шығар дедім де қойдым. Соны фильмге кіргізіп жіберіпті ғой. Әйтпесе, Қайрат Нұртас арқылы атымды шығарып қайтейін»
Айдана НҰРМҰХАН
http://www.aikyn.kz/