Әсел Сағатова – өнер жолында табысты әрі сұранысқа ие тұлғалардың бірі.
Өмірде – ата-анасының мақтанышы және сүйікті жар. Ол өзінің Құдай қосқан қосағы туралы былай дейді: «Менің әрбір ісіме түсіністікпен қарайды. Бұған байланысты біздің арамызда ешбір келіспеушілік туындамайды. Біздің еліміздің менталитеті мен актриса мамандығы туралы екіұшты пікірлерге қарамастан, жарым менің барлық бастамаларыма қолдау көрсетеді. Мен түскен фильмдерді тамашалап, мені мақтан тұтады».
Бірде ол: «Құдай қаласа, балалы да болармыз. Қазір жұмыстың көп екендігіне қарамастан, бұл біздің отбасымыздың санын көбейту туралы жоспарымызға қайшы келмейді. Менің жарым – алдымен адам және нағыз ер-азамат (күледі). Оның шоу-бизнеске еш қатысы жоқ. Мамандығы кім десеңіз, оның жеке бизнесі, өз кәсібі, менің мамандығыммен еш байланыспайтын өз жұмысы бар. Біз кездейсоқ әрі көп жыл бұрын танысқан болатынбыз» деген-ді.
Ал күні кеше танымал актриса, тележүргізуші, қазақ елінің әдемі қыздарының бірі Әсел Сағатова ана атанды. Танымал актриса сәбиін Біріккен Араб Әмірлігінде өмірге әкелген. Бұл хабарды, Әсел Сағатованың достары мен оқырмандары Instagram әлеуметтік желісі арқылы таратқан.
Актрисаның соңғы түскен суретінің астына оқырмандары өз құттықтауларын жазған. Белгілі болғандай, Әсел Сағатова соңғы үш айды Біріккен Араб Әмірлігінде өткізген екен. Алайда бұл ақпаратты Әсел Сағатованың өзі әзірге растаған жоқ. Оның аяғының ауыр екендігі және босануы жайлы алып-қашпа әңгімелердің тарағына біраз уақыт болды.
Әсел Сағатова Радий Мұхамеджановқа 2010 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Тойы Астанадағы мейрамханаларда аталып өткен.
Жолдасы Ради Мұхамеджанов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы Экология министрі Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы. Ол бұрындары бірқатар мемлекеттік қызметте істеген.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/50544