Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасымыздың тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында тынымсыз және тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы өңірлік өнім 2012 жылдың қорытындысы бойынша 1,8 трлн. теңгені құраған болатын. Бұл алдыңғы жылғыдан 363 млрд.теңгеге артық.
Инвестициялардың көлемі биылғы жылдың өткен жеті айында 165,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырар болсақ, 123,3 пайызды құрайды.
Үкіметтің еліміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында тартылған инвестицияның көлемі 447 млрд. теңге. Бұл қаржымен 150 жоба іске асырылып жатыр. Осы жобалар іске қосылғанда 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұған қосымша құны 600 млрд.теңгеден астатын 104 жаңа жоба ұсынылып отыр.
Бүгінгі күнге жалпы құны 109,2 миллиард теңге болатын 66 жоба пайдалануға берілді. Сөйтіп, 5804 жұмыс орындары ашылды. Жақында сегіз жоба бойыншы құрылыс, жабдықтау жұмыстары аяқталды. Оларға барлығы 3,6 млрд.теңге инвестиция құйылды. 598 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл соңына дейін қосымша 34 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта 37,4 млрд.теңге қаржы жұмсалады. 3350 жұмыс орны ашылады.
Іске қосылған жаңа кәсіпорындар 2013 жылы 11 млрд. теңгенің. өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Бұл өңдеу өнеркәсібі саласындағы жалпы көлемінің 7 пайызын құрап отыр. Іске қосылған 29 жоба қазір 100 пайыз қуатында жұмыс істеп тұр. Ал 13 кәсіпорын өндіріс қуатының 50 пайыздан астамын игерді.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі биылғы жылдың өткен 7 айында 302,7 млрд. теңгені құрады. Бұл осы көрсеткіштің былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқанын көрсетеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі былтыр бір адамға шаққанда 74 мың АҚШ долларын құраған еді. Бұл республикадағы ең ірі көрсеткіштердің бірі.
Индустриалдық аймақта 44 миллиард теңгенің 58 жобасы іске асырылып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 18 жоба іске қосылды. Оларды пайдалануға беруге 9,4 млрд. теңге жұмсалды. 1400 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл соңына дейін 20 жоба іске қосылмақшы. Жаңа кәсіпорындарда 1376 жұмыс орындары ашылады.
Индустриялық аймақтардың тиімділігіне көзіміз жетті. Сондықтан барлық аудан және қалаларда индустриалдық аймақ құру туралы шешім қабылданды. 800 гектар жер бөлінді. 22 жоба таңдалды. Соның ішінде алғашқысы болып Түркістан қаласында биылғы жылдың қараша айында индустриалдық аймақ жұмыс істей бастамақшы.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта биылғы жылдың соңына дейін жаңа 2 жоба іске қосылады. 120 жұмыс орындары ашылады. Қазір мұнда жалпы құны 11,1 млрд. теңгені құрайтын 5 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оларда 745 жұмыс орындары. ашылған.
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында биылғы жылдың жеті айында 113 жоба мақұлданды. 1347 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін қосымша 100-ге жуық жобаға қолдау көрсетіледі.
Облыстың ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес бизнеске өз тарапымыздан қолдау көрсетіліп келеді. Әкімшілікке қарасты «Максимум» аймақтық инвестиция орталығы құрылған болатын. Ашылғалы бері 4 жыл өтті. Осы кезеңде 8144 жоба қаржыландырылды. 21,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Биылғы жылдың 7 айында жалпы құны 2,3 млрд. Теңгені құрайтын 1238 жоба «Максимум» тарапынан қаржыландырылды. 1666 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биылғы жылдың 7 айында 92,6 млрд. теңгені құрады. Сөйтіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім 3,7 пайызға артты.
Жерлерді түгендеп, тиімді пайдалану бойынша Елбасы тарапынан берілген тапсырма сәтті орындалуда. Облыста суармалы жердің көлемі 432 мың гектардан 520 мың гектарға жетті. Ауылшаруашылығында әртараптандыру жалғасуда. Осыған байланысты биыл жүзімдік алқаптың көлемі 9,0 мың, ал жеміс-жидек егілген алқаптың жалпы аумағы 19 мың гектарды құрады. Сөйтіп, егістің осы түрлері бойынша Кеңес дәуіріндегі көлемге жеттік.
Облыста суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында жаңадан 292 мың гектар суармалы жерді іске қосуға бағытталған арнайы іс-шара қабылданды. Биылғы жылдың 7 айында 12 мың гектар суармалы жер айналымға қосылды. Жылдың соңына дейін тағы да 8 мың гектар жер ауыл адамдарының игілігіне қызмет ете бастайды.
Өткен жылы облыста алғаш рет бау-бақшадан 1 миллон тоннадан астам өнім жиналған еді. Биылғы жылы да осы үрдіс сақталып отыр. Көкөніс пен бақшадан 2,2 млн. тонна өнім алынды. 250 мың тонна бақша өнімдері артық жиналды.
Қылышын сүйретіп қыс келіп қалды. 3,6 тонна мал азығы жиналды. Бұл өткен жылғыдан 1 млн. тонна артық.
Қоймалардың сиымдылығы облыста 177 мың тоннаға жетті. 2013 жылдың 7 айында қоймалардың мүмкіндігі молайды. Сөйтіп, соңғы бірнеше жылдың көлемінде облыстағы қоймалардың мүмкіндіктері, 9 есеге артты. Жыл соңына дейін қосымша сиымдылығы 19 мың тонна қоймалар іске косылады.
Облыста жылыжайлардың көлемі 675 гектарға жетті. Сөйтіп, 7,5 есеге артты. Биылғы жылдың 7 айында – 105 гектар жылыжай салынды.Қазір республикадағы жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстікте. Тамшылатып суару технологиясы ауылшаруашылығын дамытудың сенімді көздерінің бірі ретінде қарастырылуда. Осы технология енгізілген алқаптың аумағы облыста 1 мың гектардан 25,1 мың гектарға жетті. 2013 жылдың 7 айында 4,2 мың гектар жерде тамшылатып суару технологиясы бойынша өнім өндіріле бастады.Республика бойынша тамшылатып суарылатын егістік алқаптың 72 пайызы біздің облыстың үлесінде.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша биылғы жылдың 7 айында 3178 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. Мұнын тыс, биыл 103,4 мың бас мал қолдан ұрықтандырылды.
Білім беру саласын дамыту бағытында да облыста іргелі істер атқарылып отыр. Биылғы жылдың Білім күні қарсаңында- 1 қыркүйекке орайластырып 24 мектеп іске қосылды. «Назарбаев» зияткерлік мектебі ашылды. Жыл соңына дейін тағы да 28 нысан, оның ішінде 12 мектеп іске қосылады.
Соңғы жылдары салынып жатқан мектептің есебінен 62 апатты, 29 үш ауысымды мектептердің мәселелері шешілді. Саманнан салынған мектептердің саны 326-дан 209-ға азайтылды. Зерттеулердің нәтижесі жайсыздау. Әлігі 209-дың ішінде 48-і апат алдындағы мектептер. Бірінші кезекте солардың мәселесін шешуіміз қажет.
Жыл басынан бері 26 мектепке дейінгі білім беру мекемелері ашылды. Олардың 19-ы жеке меншік. Барлығы 1135 бала қамтылды. Жыл соңына дейін қосымша 18,4 мың баланы қамтитын 124 мектепке дейінгі мекемелер ашылады. Олардың 115-і жеке меншік. Баланы қамту көрсеткіші 58,2-ден 65 пайызға жетеді.
Денсаулық сақтау саласында да облыста тәп тәуір ілгерілеушілік бар.
Елбасымыздың 2015 жылға дейін 350 денсаулық сақтау мекемелерін салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста соңғы үш жылда 152 нысан пайдалануға берілді.
Биылғы жылы 71 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Олардың 2-уі емхана, 3-уі аурухана. Бүгінгі күнге 40 нысан іске қосылды. Қосымша 25 нысан алдағы айларда пайдалануға беріледі.
Медициналық ұйымдар санитарлық автокөлiкпен толық қамтамасыз етiлдi.
Ана өлімінің көрсеткіші 31,9-дан бүгінгі күнге 13,5-ға, бала өлімі 25,5-тен 13,3-ке дейін төмендеді.
Өңірлер арасында республикада алғаш рет 11 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалды.
Әлеуметтік салада табыстарымыз ауыз толтырып айтуға болатындай.
2013 жылы “Жұмыспен қамту — 2020” бағдарламасы бойынша 20,5 мың адам қамтылды. 7 айда 4743 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 6761 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Қазір облыста жұмыссыздық деңгейi 5,5 пайызды құрап отыр.
Таза ауыз сумен қамтылған елді мекендердің саны 412-ден 649-ға жетті. Биылғы жылдың басынан бері 18,8 мың адам тұратын 16 елді мекен ауыз су құбырымен қамтамасыз етiлді. Су құбырлары бар елдi мекендердiң саны биыл 665-ке жетеді. Оларда барлығы 2,3 млн. адам тұрады.
263 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды. «Көгілдір отынды» тұтынатын елді мекендер 131 – ден 226 – ға жетті.
Биыл бюджеттен 11,5 млрд. теңге бөлiнді. Сөйтіп, 51 елді мекенді газбен жабдықтауға бағытталған құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде. Жылдың соңына дейін 28 елді мекен табиғи газбен қамтылады. Сонда «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілген елді мекендердің саны облыста 254-ке жетеді.
Тікелей Елбасымыздың қолдауымен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілді. Бұл шын мәнінде тарихи жоба болды. Осы жобаның нәтижесінде облыстың 7 ауданындағы 284 елді мекен газбен қамтамасыз етілмекші. Осы маңызды мәселенің оң шешілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шын жүректерінен алғыстарын айтуда.
Биылғы жылдың 7 айында құрылыс жұмыстарының көлемі облыста 66,0 млрд. теңгені құрады. ”Қол жетімді тұрғын үй” бағдарламасы бойынша 140,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Жылдың соңына дейін тағы да жалпы аумағы 242,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қазірге дейін облыстың аудан, қалаларының әлеуметтік-экономикалық карталары әзірленді. Онда 900 елді мекеннің барлығының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған. Бірінші кезекте шешуді қажет ететін басымдықтар анықталды. Бұл бюджетті жоспарлаудың және түпкі нәтижеге қол жеткізудің тиімділігін арттыруға, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне септігін тигізеді.
Облыстың әлеуметтік- экономикалық жағдайын одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы кезде де жалғасын табады.
Жазып алған-Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ.