АЛТЫНОРДА
Новости Актобе

Әскерге шығарып салу кешінде Майкл Джексонның биін биледі

Ақтөбеде әскерге шығарып салу кешінің көктемгі науқанына Ауған соғысының ардагері, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев қатысты. Елдің ертеңін қорғайды деген жастарға тәрбие, үлгі берер аға буынның мерекелік шараға қатысуы көптің көңіліне сенім ұялатқаны рас. Бірақ ұйымдастырушылар, Майкл Джексонның биін билетіп, аға буынның көңілін қалдырды.
Әскерге шығарып салу науқаны тәмам. Соңғы кеш Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының ауласында өтті. Бұл жерде өткізілген кешке Ауған соғысы ардагерлері түгел жиналған. Тіпті, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев та келді. Бір өкініштісі, Майкл Джексон биін үйренген ақтөбелік ортада ойран салып, көптің көңілін су сепкендей басты. Сол кешке қатысқан Жауынгер-интернационалистер облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасымов: «Патриоттық рух беретін шараға Ауған соғысының ардагерлері жиналып, жастарға өнеге айтылды. Бірақ Майкл Джексонның биі қисынсыз болғаны рас. Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев биді көріп, «Майкл Джексонның биі қажет емес. Жастарға тәрбие берер ұлттық нақыштағы кездесулер мен патриоттық ән, би неге бағдарламаға енгізілмеген?» деп баса айтты. Менің де ойым осы»,- дейді.

http://my.mail.ru/community/kadr-nedeli-aktobe/video/_groupvideo/1.html

Ал «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Бәйдербес: «Шараға жеке өзім қатыспадым. Бірақ Майкл Джексон кім? Ол шетелдің әншісі. Әскерге кетіп бара жатқан жастарға оның қажеті қанша? Қазақ жастары өз батырларын біліп, соны мақтан тұтса ғана Отан алдындағы борышын адал өтейді»,- деді. Нақтыласақ, Отан қорғаушылар күні ұйымдастырылған салтанатты шара кезінде де осы биді оркестр мүшесінің бірі билеген.
Алтынай Сағындықова
Ақтөбе облысы

http://munara.kz