АЛТЫНОРДА
Новости

Ассамблея Назарбаевтан ерте сайлау өткізуді сұрады

Қазақстан халқы ассамблеясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтан 2015 жылы елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді сұрады деп хабарлады «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

Өткен сенбіде Астанада өткен кеңесінде Ассамблея елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерген. Ассамблея мүшелерінің қазақстандықтарға арнаған үндеуінде «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елді әлемдік сынақтан аман алып шығуы үшін жалпы халық болып жаңа өкілеттік беру қажет» делінген.

Ақпанның 16-сынде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысты биліктегі «Нұр Отан» партиясы да қолдаған. Кеше алты саяси партия, ондаған үкіметтік емес ұйымдардың басын қосатын «Қазақстан 2050» коалициясы да Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді қолдады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150218/330/330.html?id=26855451