АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Астана Экономикалық Форум-2015 бірінші күнінің жұмыс қорытындысы

скачанные файлы (3)21 мамырда Астана Экономикалық Форум-2015 бірінші күні жұмысын аяқтады. Негізгі шаралардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: «Ғаламдық экономикадағы экономикалық, қаржы және монетарлық өзгерістер» Жоғары деңгейлі конференция, «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы: жаңа экономикалық келешек» сессиясы, Еуропа мен Азия форумы, Урбандық форум, «Invest in Kazakhstan» инвестициялық форум.
Жоғары деңгейдегі конференция сессияларында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, «JPMorgan Chase International» корпорациясының Төрағасы Джэйкоб Френкель, Италияның экс-Премьер-Министрі (1996-1998 және 2006-2008 жж.), Еуропалық комиссияның төрағасы (1999-2004 жж.) Романо Проди, Пекин университеті Ұлттық даму мектебінің профессоры әрі құрметті деканы, Бүкіләлемдік банктің Аға вице-президенті әрі бас экономисі Джастин Лин (1999-2004 жж.), Азия даму банкінің Вице-президенті Жанг Венчай, Пәкістан Премьер-Министрі (2004-2007) және Қаржы министрі (1999-2007) Шаукат Азиз , Индия Республикасының Қаржы министрі (1990-1991; 1998-2002), Индия Республикасының Сыртқы істер министрі (2002-2004) Яшвант Синха сөз сөйледі. Жоғары деңгейлі спикерлер әлемдік экономиканың өзекті талаптары мен ең маңызды мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндама барысында:
«Ғаламдық талаптар мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздық көптеген елдерді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер туғызу үшін дамудың жаңа қайнаркөздерін табуға итермелейді. «Жаңа норма» тәуекелі – ұзақ уақыт бойы төмен өсім пайда болады. Бұл «жаңа шыншыл қалыптасқан жағдай» деп атайтын сарапшылар саны күннен күнге артып келеді» , — деп атап өтті.
Халықаралық сарапшылар әлемдік экономика жағдайы жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Пәкістанның экс-Премьер-министрі Шаукат Азиз: «Қазіргі кезде әлемге терең құрылымдық реформалар қажет», — деп көрсетті.
Өз кезегінде Азия Даму Банкінің вице-президенті Жанг Венчай: «Азия үшін жуық арада аса ешқандай экономикалық тәуекел көріп тұрған жоқпын», — деді.
Қазақстан экономикасына ауыс-түйіс, көрші мемлекеттердің өсу қарқынының баяулауы және өзге де әсер етуші факторлар талқыланды.
Досаев мырза өз сөзінде: «Біздің ел қазіргі кезде әлемдегі өндіруші 10 елдің қатарына кіреді және біз Бүкіләлемдік банктің баға беруі бойынша, ұлттың «жоғары орта табысы» категориясына жатамыз. Біз бұнымен шектелмейміз. Біз ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсімге қалай қол жеткізіп, жоғары деңгейдегі табысы бар ел болуға нақты жоспарымыз бар. Екі жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаеы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында 2050-Стратегиясында еліміз үшін 2050 жылға қарай 30дамыған елдің қатарына кіру биік мақсатын қойды»,- деді.
«Ұлы Жібек жолының жаңғыруы: жаңа экономикалық келешек» сессиясына халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты: Литва Республикасының Көлік және коммуникация министрі Римантас Синкевичюс, Азия Даму Банкінің вице-президенті Жанг Венчай, Жібек жолы қорының бас директоры Ванг Янджи, Қытай даму банкінің вице-канцлері Жао Жао Ксяоу, Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда министрі Андрей Слепнев, АҚШ Мемлекеттік департаменті Экономика және бизнес мәселелері бюросының Хатшысы көмекшісінің бас орынбасары Курт Тонг, Каспий стратегиялық институтының Бас хатшысы Хальдун Явас, БЭФ Еуразия жобасының жетекшісі, вице-директоры Эндрю Шахоян, ЕҚДБ Орталық Азия бойынша бас экономист Агрис Преиманис. Сессияны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов жүргізді.
Еуразиялық кеңістік үшін маңызды мәселелер талқыланды: Ұлы Жібек жолының жаңғыруын экономикалық, геосаяси тұрғыдан қарастыру, Ұлы Жібек жолының экономикалық әлеуеті, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері. Курт Тонг мырза Ұлы Жібек жолының жаңғыруы тұжырымдамасы өте құнды идея екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, Орталық Азия әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айнала алады.
Каспий стратегиялық институтының Бас хатшысы Хальдун Явас 2008 жылғы дағдарыс көптеген елдердің экономикасына кері әсер етті. Еуропа ең көп зардап шекті, әлі де ІІӨ 2008 жылғы көрсеткіштен төмен. Жобаға баға бере отырып, Явас мырза: «Жоба міндеті – өзара тиімді ынтымақтастықты жақсарту. Бұл тек экономика мен саясат қана емес, сонымен қатар мәдени және әлеуметтік салаларды да қамтиды».
БЭФ Еуразия жобасының жетекшісі, вице-директоры Эндрю Шахоян жобаның символикалық жағын қарастырды: «Бұл дамыған және дамушы елдерді біріктіру мүмкіндігі».
Эндрю Шахоян, Вице-директор, руководитель проекта Евразия ВЭФ, отметил символизм проекта: «Это шанс объединить с развитые и развивающиеся страны».
ЕҚДБ Орталық Азия бойынша бас экономист Агрис Преиманис жоба дамуы үшін бірнеше маңызды кезеңдерді атап айтты: темір жол құрылысын кеңейті мен көлік бағыттарын әртараптандыру.
Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына тікелей шетелдік инвестициялар тарту мәселесі «Invest in Kazakhstan» инвестициялық форумында талқыланды. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Литва Премьер-Министрі Альгирдас Буткявичюс, апталық іскерлік Forbes журналының бас редакторы Стивен Форбс, McKinsey Global Institute директоры Ричард Доббс, Luxembourg for finance бас директоры Николя Макель және басқалары баяндама жасады.
Николя Макель: «Қазақстан көптеген экономикалық бағдарламаларды жүзеге асырып үлгерді. Қазақстанның аймақтық тек сауда орталығына ғана емес, сондай-ақ қаржы хабына да айналуына мүмкіндігі бар», -деп ойын тұжырымдады.
Өз сөзінде Ричард Доббс: «McKinsey Global Institute зерттеуіне сүйенсек, Қазақстан инвестицияны тарту орталығына айналып отыр. Бұл инвестициялауға тұратын мемлекет»,- деп мәлімдеді.
Қорытынды сөзінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сарапшыларға монетарлық реформа саласында берген кеңестері үшін алғыс айтып, әсіресе шикізат бағасы төмендеп, әлемдік экономика дағдарысқа ұшыраған жағдайда Қазақстанды ынтымақтастыққа дайын ел ретінде көрсету маңызды екеніне тоқталды.
Астана Экономикалық Форум шеңберінде ағылшын тілінде жарық көрген «Іске асқан Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы. 1994–2014. Еуразиялық жобаның 20 жылдығына арналады» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап авторы Таир Мансұров еңбегінде Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына алып келген 1994-2014 жылдар аралығындағы толық оқиғалар тізбектелген. Басылымда Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының негізгі аспектілері, еуразиялық ықпалдастық теориядан бастап, іске асырылғанға дейін жіті қарастырылып, сарапталады.
Астана экономикалық форум-2015-тің негізгі тақырыбы «Инфрақұрылым: экономиканың тұрақты дамуының драйвері» болды. Форум ерекшелігі – барлық сессиялар мен талқылаулардың флагмандық тақырып төңірегінде топтасуы.скачанные файлы (3)21 мамырда Астана Экономикалық Форум-2015 бірінші күні жұмысын аяқтады. Негізгі шаралардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: «Ғаламдық экономикадағы экономикалық, қаржы және монетарлық өзгерістер» Жоғары деңгейлі конференция, «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы: жаңа экономикалық келешек» сессиясы, Еуропа мен Азия форумы, Урбандық форум, «Invest in Kazakhstan» инвестициялық форум.

Астана экономикалық форум-2015-тің негізгі тақырыбы «Инфрақұрылым: экономиканың тұрақты дамуының драйвері» болды. Форум ерекшелігі – барлық сессиялар мен талқылаулардың флагмандық тақырып төңірегінде топтасуы.

Алтынорда-инфо