АЛТЫНОРДА
Новости Астаны

Астанада ауа райы күрт суиды

eb05a8704d0e2a07152e67e8fe925cbaАСТАНА. ҚазАқпарат — Синоптиктердің хабарлауынша, елордада алдағы күндері күн суытады. Солтүстік-батыстан суық антициклон тармағы Астана қаласына ықпал ететіндіктен ауа райы температурасы төмендейді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Бүгін түнде ауа температурасы +3+5°С болады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +12+14°С дейін көтеріледі.

Ертең, 15 қыркүйекте елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +1+3°С, күндіз +13+15°С жылынады.

16 қыркүйекте күн жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +16+18°С, түнде +5+7°С болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, елордада алдағы аптада ауа температурасы төмендейді.

http://www.inform.kz/