Сонымен қатар, бүгін еліміздің бас жаңа жылдық шыршасымен бірге республиканың барлық өңірлеріндегі шыршалар шамдары жағылды. Шара от шашу мен концертке ұласты.
Ерекше шара ұлт болашағы, өскелең буын өкілдерін спорт, дене шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілуде.
Шара театрландырылған көрініске ұласты. Оған Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов, 4 мыңнан астам бала мен жасөспірім, Аяз Ата мен Ақшақар, жануарлар мен ертегі кейіпкерлері қатысуда.
Бас шырша шамын жағу құрметі Данияр Елеусіновке берілді.
«Тура бір айдан соң ескі жылмен қош айтысып, жаңа жылға қадам басамыз. Бұл жыл еліміз үшін, әсіресе ел спорты үшін үлкен ірі жеңістерге толы болды. Жақында өткен бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшылары тамаша табысқа жетіп елімізді қуантты. Қазіргі күнде ел спортшыларын бүкіл дүниежүзінде таниды, құрметтейді. Мұның барлығы ең алдымен ел спортына ерекше көңіл бөліп, қолдауын көрсетіп жүрген Елбасымыздың арқасында. Келе жатқан 2014 жылдан мол табыстар, үлкен жемістер күтеміз», — деді жас спортшы.
BNews.kz «www.bnews.kz».