19 қазанда Астана қаласындағы Шәкерім Құдайбредіұлы көшесі мен Пушкин көшелерінің қиылысында әкімішіліктің рұқсатымен митингі өтеді. Гептил мен әскери полигондарға қарсы Халықтық альянс мүшелері ұйымдастырған митингіге Президенттің «Халықтың көші-қоны» туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қоймауын сұраған бір топ қоғам мүшелері де қатыспақ. Аталған заңдағы жаңа өзгерістер бойынша Отанына оралған қазақ тек 5 жылдан кейін ғана азаматтықа қол жеткізе алады. Яғни шетелдегі этникалық қазақтардың мәртебесі жатжұрттықтармен бірдей болмақ.
Abai.kz